"Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ Басқарма төрағасы Маңғыстау облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшылығымен және қызметкерлерімен бірлесе отырып, ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті ұйымдастырған "Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нақты жай-күйі және жұмыс істеуінің алдағы перспективалары" тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында "Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А. Т. Қабашев, Маңғыстау облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасының @mangystau_invest басшылығымен және қызметкерлерімен бірлесе отырып, ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті ұйымдастырған "Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нақты жай-күйі және жұмыс істеуінің алдағы перспективалары" тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстел барысында Сенат депутаттары мен мемлекеттік органдар өкілдерінің өңірлердегі АЭА аумақтарына жұмыс сапарының қорытындылары талқыланып, АЭА-ды одан әрі дамыту жөніндегі шаралар айқындалды. 

Желілерде бөлісу:

  • 204